Қазақстан мен Ресей Қарулы Күштерді қаржы-экономикалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Сқақовтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы мемлекеттердің қарулы күштерінің қаржы-экономикалық қамтамасыз етілуі төңірегінде тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жұмыс сапарымен барды. 

 ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар қаржылық қамтамасыз ету, банктік сүйемелдеу кезінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру, экономикалық талдау және болжам жасау, мемлекеттік мұқтаждық үшін сатып алуларды қаржылық сүйемелдеу, шығындарды жоспарлау мәселелерін талқыға салды. Одан басқа, сапар шеңберінде қазақстандық делегация Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бірыңғай есептеу орталығына барды. Онда олар орталықтың құрылымымен, оның жұмыс жасау тәртібі және есеп-қисаптың жүзеге асырылуы, бірыңғай дерекқордың функционалдық мүмкіндіктерімен танысып қайтты. Сонымен қатар, РФ Қорғаныс министрлігінің бейінді (салалық) департаменттерінің басшылары қазақстандық делегацияға ресейлік әскери ведомствоның қаржы-экономикалық қызметінің негізгі бағыттары бойынша шолу ұсынды.   

null

Соңғы жаңалықтар