Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынасқа ширек ғасыр толды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына ширек ғасыр - 25 жыл толып отыр. Осы кезең ішінде біздің елдеріміз арасында барлық салада тығыз ынтымақтастық орнады. Әсіресе, ғылым мен білім саласындағы байланыстар атап өтуге тұрарлық. Польша мемлекеті осы 25 жыл ішінде еліміздің Шығыс Еуропадағы ең белсенді әріптестерінің біріне айналды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Польшаның жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынастар жылдан-жылға жанданып келеді. Бұл орайда оқу ордамыздың Варшава, Познань, Торунь университеттерімен арадағы өзара тиімді байланыстарын атап өтуге болады.

Сондай-ақ студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы да жаңа деңгейге көтергенін атап өтуіміз керек.
Осынау атаулы датаға орай тарих, археология және этнология факультетінің дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы мен журналистика факультетінің баспагерлік-редак¬тор¬лық және дизайнерлік өнер кафедрасы «Әл-Фараби әлемі» халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдық мерейтойына арналған «Жемісті ынтымақтастық тарихы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Қазіргі Қазақстан-Польша қарым-қатынастары саяси, аймақаралық, ғылыми, мәдени-гуманитарлық, спорттық және басқа салаларда табыспен дамып келеді. Польшамен арадағы ынтымақтастықта экономика, инвестиция, индустрия-инновация және транзит-көлік салаларына баса көңіл бөлінуде. Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы жетекші әріптестерінің бірі болып табылады.

2016 жылғы мамырда болған Астана экономикалық форумында Польшаның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды. Поляк топтарында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мәтіндері поляк ті¬лінде жарияланған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Прези¬дентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі сияқты бастамалары шынайы ынта туғызды. Польша Қазақстанның ядросыз әлем үшін халықаралық күрестегі жетістіктерін жоғары бағалайды және 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде күн тәртібін бірлесе жүзеге асырудағы тығыз ынтымақтастыққа сенім білдіреді.

Дөңгелек үстел жұмысына Польшаның Қазақ¬стандағы консулы, кеңесші-уәкіл Радослав Грук, Польша елшілігінің сауда мен инвестицияға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Влоджимеж Куровски, Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігі саяси тобының кеңесшісі Алмаша Арынова, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов, «Алматинский курьер Полонийный» журналының Бас редакторы, «Вензь» достық қоғамының төр¬ағасы Олег Червински сияқты мәртебелі меймандар қатысып, сөз сөйледі.

Ал, тарих ғылымының докторлары, профессорлар Гүлжаухар Көкебаева мен Серік Мәшімбаевтың, журналистика факультетінің ұстаздары Аманқос Мектептегі мен Шарипа Нұржанованың, Жетпісбай Бекболатұлының маз¬мұнды баяндамаларын жиналған қауым зор ықы¬ласпен тыңдады. Жиынға Алматыдағы поляк қа¬уым¬дастығының мүшелері белсене атсалысты.

Мәжіліс соңында дөңгелек үстел жұмысына қа¬тысушылар арнайы қарар қабылдады.

Соңғы жаңалықтар