Қазақстан мен Мексика бірқатар салада екіжақты келісімдер жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Мексика бірқатар салада екіжақты келісімдер жасайтын болады. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне Мексика Құрама Штаттарының Елшісі Бернардо Кордова Телло айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кешелі-бүгін Қазақстанның билік өкілдерімен кездесулер өткіздім. Мексика мен Қазақстан арасында ынтымақтастық дұрыс жолға қойылып, саяси сұхбаттастық жоғары деңгейге көтерілген деген ортақ пікірге келдік. Мексика үшін Қазақстан өз өңіріндегі энергетика, мұнай-газ, уран бойынша көшбасшы ел саналады. Қарусыздану, ядролық қаруды таратпау, климаттың өзгеруімен күрес, қоршаған ортаны қорғау сынды мәселелерде де елдеріңіздің басымдығы өте зор»,- деді ол.
null 

Сонымен қатар Елші екі елдің арасындағы экономикалық, саяси және мәдени салалардағы байланыстарды жандандыра түсу қажеттігіне назар аударды.

«Ағымдағы жылдың соңында дейін аталған салаларда тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірқатар заңдық құжаттарды қабылдаймыз деп ойлаймын. Бұл тұрғыда біз энергетика, мәдениет салаларында келісімге қол қоюға уағдаластық. Бұған қоса, тағы 2 келісімшартқа қол қою үшін жұмыс істейтін боламыз. Оның бірі екіжақты инвестицияларды қорғау мәселесіне арналады. Екінші келісім қосарланған салықты болдырмауға байланысты»,- деді Бернардо Кордова Телло.

Соңғы жаңалықтар