Қазақстан мен Қытай инвестицияны қорғауға қатысты келіссөз жүргізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру мен өзара қорғау туралы келісім» жобасын талқылау келіссөздерінің бесінші кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келіссөздер барысында тараптар ұлттық мүдделерді есепке ала отырып, жекелеген нормалардың тәсілдері туралы тұжырымдамалық келісімге қол жеткізді. Келісім жобасының нақты мәтінін талқылау басталды», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, келіссөз нəтижесі екі ел арасындағы сапалы халықаралық-құқықтық базаны дамытуда бірлесе жұмыс істеуді бастау болмақ. Ол екі елдің бизнесі мен өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге негіз болады.

«Қазақстан Республикасы мен ҚХР инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісіміне» 1992 жылдың 10 тамызында қол қойылды.

2005 жылдан 2017 жылдың 9 айына дейін Қытай мен Қазақстан экономикасына әкелінген тікелей инвестициялар 15 млрд АҚШ долларынан асады. Қазақстаннан Қытай экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 500,4 млн АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар