Қазақстан мен Қытай энергетиктері бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 5 сәуірде Бейжіңде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов пен ҚХР мемлекеттік энергетика басқармасы төрағасының орынбасары Ли Фанчжунның төрағалық етуімен ҚР-ҚХР ынтымақтастық комитетінің энергетика саласындағы қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық комитетінің 10-ші отырысы өтті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Тараптар кіші комитеттің 9-шы отырысында қабылданған шешімдерді іске асыру нәтижелерін қарады. Бұдан басқа, мұнай-газ, атом энергетикасы, атом өнеркәсібі саласындағы өзара іс-әрекеттің және электр энергиясы, жаңартылған энергетика саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары, бірлескен жобаларын іске асыру барысы талқыланды. Отырысқа ҚР Энергетика министрлігі, «КазТрансГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, ҚХР-дағы ҚР елшілігінің өкілдері қатысты.



Қытай тарапынан ҚХР Энергетика жөніндегі мемлекеттік басқарма, Қытай даму банкі, мемлекеттік және жеке энергетикалық кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ бірлескен энергетикалық жобаларды сәтті іске асыруда сенімділік білдірді.



Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар