Қазақстан мен Франция дәрігерлері АИТВ жұқтырғандарды бірлесе емдеуге уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға іс сапармен келген франциялық дәрігерлер Астанадағы СПИД-ке қарсы күрес орталығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Францияның Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология институтының, ЖИТС және вирустық гепатиттерді зерттеу бойынша Ұлттық агенттігінің дәрігерлері орталық мамандарымен кездесіп, өзара тәжірибе алмасты. Кездесу барысында орталықтағы халықтың осал тобы мен АИТВ (адамдағы иммун тапшылығы вирусы) жұқтырғандар арасында алдын алу жұмысы мен сараптаманың қалай жүзеге асатындығы және жұқпа анықталған науқасқа қалай ем тағайындалатыны жөнінде ой бөлісті. Дәрігерлер аурудың да, оларға тағайындалатын дәрі-дәрмектің де ортақ екендігіне тоқтала келе, болашақта бірігіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға дайын екендерін айтты», - делінген орталық таратқан ақпаратта.
null

Орталық мәліметінше, кездесу барысында франциялық Доминик Костаглио өз елінде Қазақстандағыдай  «СПИД орталығы» деп аталатын оқшауланған жеке дара орталықтардың жоқ екендігін айтқан. Яғни, тұрғындар өз еріктерімен кез келген емханаға барып, қан талдамасын жасату арқылы өз статусын анықтатып, сондағы мамандарға қаралады.

«Біз үшін СПИД үрей туғызып, үрке қарайтындай сырқат емес. Басқа да созылмалы аурулардың қатарындағы сырқат сияқты қараймыз. Қан құрамынан АИТВ жұқпасы анықталған екен, ол адам есепке тұрып, дәрі-дәрмегін қабылдап, әдеттегідей өмірін жалғастыра береді», - дейді мейман.

«Тағы бір ерекшелігі Францияда қан құрамынан АИТВ анықталған шетелдік азаматтарға да тегін қызмет көрсетіледі. Айта кетерлігі, 60 миллион халқы бар Франция мемлекетінде қазір 153 мың АИТВ жұқпасымен ауыратын науқас ресми тіркеуде. Бұл біздегі көрсеткіштен 5 есе көп деп айтуға болады», - деді орталықтан.
null

Дөңгелек үстел басында пікір алмасқан екі жақтың дәрігерлері аталған дерттің алдын алу жұмыстарында да бір-бірінен үйренерлері көп екендігіне тоқталған.

Соңғы жаңалықтар