Қазақстан мен Финляндия арасында тікелей әуе рейсі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Финляндия арасында тікелей әуе қатынасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Finnair» әуе компаниясы Хелсинкіден Астанаға алғашқы рейсті орындады.  Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей рейс аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайды. Аталмыш рейстерді орындайтын Airbus 319 әуе кемесі Астанадан  жергілікті уақыт бойынша сағат 05:40-та  ұшады.

 «Екі ел арасындағы рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Финляндияның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды. Халықаралық ЭКСПО-2017  көрмесінің өтуіне байланысты фин тарапына аптасына 7 рейс орындау құқығы берілді.

Айта кетейік, бірінші рейспен Финляндияның сыртқы сауда және даму министрі Кай Мюккянен бастаған делегация Астанаға келді. Сонымен қатар, жақын арада Финляндия президенті Қазақстанға сапарлайды деп күтілуде»,-деп атап өтілген ҚР ИДМ мәліметінде.

JACDEC зерттеу бюросының ақпараты бойынша Финляндияның «Finnair» ірі әуе компаниясы 2012-2013 жылдары Еуропадағы ең қауіпсіз әуе компаниясы атанған және қауіпсіздік жөнінен әлем бойынша екінші орынды иеленген.

Соңғы жаңалықтар