Қазақстан Қытайдағы Елшілігін күшейтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Елордада өтетін ЭКСПО көрмесіне байланысты Қазақстан Қытайдағы өз Елшілігінің жұмысын күшейтті. Бұл жайында «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана ЭКСПО-2017»  ІІІ халықаралық туристік конференциясы барысында сөз сөйлеген ол бүгінгі күні көрмеге 115 ел, 21 халықаралық ұйым қатысатындығын ресми қуаттағандығын баса айтты.

«Көрме аумағындағы павильондардың басым көпшілігі  80 пайызға дайын. Біз 2 миллионнан астам турист келеді деп күтудеміз. Оның 19 пайызы шетелдік болады», - деді көрме комиссары «Астана ЭКСПО-2017»  ІІІ халықаралық туристік конференциясы барысында.

Оның айтуынша, 2017 жыл Қытайдағы туризм жылы деп жариялануына байланысты Қазақстан мен аталған елдің арасында топтың туристік сапарларды жеңілдету туралы келісімге қол қойылған.

«Біз қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды жүргізудеміз. Виза беретін нүктелерімізді күшейтіп, Елшілікке келушілерге жағдай жасау үшін консульдық бағыттағы қосымша қызметкерлерімізді жіберіп жатырмыз», -  деді Жошыбаев.

Айта кетейік, бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Шормановтың көрмеге қанша билет сатылғандығы туралы ақпаратпен бөліскендігін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар