Қазақстан Қырғызстанға импорттың күрт артуына талдау жүргізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қырғызстанға импорттың күрт артуына талдау жүргізді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылғы кедендік деректерге сәйкес, ҚХР-дан Қырғызстанға тауарлардың импорты 2016 жылмен салыстырғанда 42 пайызға артып, 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға өткізілетін тауарлардың транзиті 67 пайызға көбейді. Біз Қырғызстанға импорттың осындай күрт артуына талдау жүргіздік», - деді ол.

Комитет басшысының атап өтуінше, талдау нәтижесінде Қырғызстандағы кедендік құн Қазақстанмен салыстырғанда 2 және одан да көп есеге елеулі төмендегені анықталған.

«Тауарлардың құнын төмендету мың пайызды құрайтын жекелеген жағдайлар да бар. Мысалға ер адамның бір жейдесінің кедендік құны Қазақстан Республикасында бір данасы үшін 5,45 АҚШ долларын құрайды. Ал дәл сол жейде Қырғыз Республикасының көлемінде 0,44 АҚШ долларына тең. Сонда 5,08 есеге төмен болып отыр. Тағы бір айтып кететін жағдай, әйелдер етігінің бір данасы Қазақстанда 28,85 АҚШ долларын, Қырғызстанда дәл осы етік 2,74 АҚШ доларрын құрайды. Яғни, баға 100,5 есе төмен көрсетіліп отыр», - деді Теңгебаев.

Соңғы жаңалықтар