Қазақстан кондитерлер қауымдастығы отандық өндірушілерді қолдауды сұрады

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті отандық өндірушілерге қолдау көрсетуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазір отандық өндірушілер ішкі нарықтың тек 49 пайызын қамтып отыр. Қалғаны сырттан келген импорт өнімдері.

Бүгінгі таңда кондитерлік өндірушілер 180 мың тонна өнім шығарады, оның  60 мың тоннасы сыртқа шығарылады. 120 мың тонна өнім Қазақстанда сатылады.
null 
null 

Қазақстандағы кондитерлік саланы орыстар мен украиндер жаулап алған.

 «Отандық өндірушілер ішкі нарықтың 49 пайызын ғана қамтып отыр. Қалғаны Ресей мен Украинадан келеді. Ресей 30-40 пайыз болса, Украина үлесі 12-13 пайыз», - деді Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбек.

Оның айтуынша, мемлекет импорт көлемін азайтуға ешқандай шара қабылдап отырған жоқ. Соның салдарынан отандық өндірушілер жапа шегіп отыр. Олар әлі де Ресей мен Украина өндірушілерімен «бәсекелі ортада» жұмыс істеп келеді.
null 
null 

Қауымдастық отандық өндірісті қорғау шараларын бірнеше жылдан бері ұсынып келеді. 

«Біз Өзбекстандағыдай импортқа 60-70 пайыз акциз салсын деп отырған жоқпыз. Бізге небәрі 3 жыл аяқтан тұруға жетеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын импортқа шектеу қойылды. 9 ай ішінде сала 50 процентке өсті. Сосын тоқтатуды шешті. Ұсталған салымдарды импоршыларға қайтарды. Кейін Украина өндірушілеріне шектеу қойды. Нəтижесінде Украина кетті, орнына Ресей келді",- деді ол.
null 

Маманның айтуынша, қазақстандық өндірушілер  Ресей нарығының  0,1 пайызын алып отыр. Ал Ресей біздің нарығымыздың жартысын алып отыр.

«Бұл мүлде ақылға сыймайтын нәрсе. РФ-да импорт үлесі 5 пайызды құрайды. Еуропа елдерінде де мұндай көрсеткіш жоқ.  Ал тіпті Өзбекстанда да 7 пайыз ғана сырттан алдырады», - деді қауымдастық президенті.
null 
null 

Соңғы жаңалықтар