Қазақстан ипотекалық компаниясы мен кореялық корпорация ынтымақтаспақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан ипотекалық компаниясы мен Кореяның Тұрғын үйді қаржыландыру корпорациясы екі елдің ипотека нарығын дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «ҚИК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов пен Кореяның Тұрғын үйді қаржыландыру корпорациясының (ТҚК) Президенті Ким Дже Чон өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды», делінген хабарламада.

Меморандумда тұрғын үйді қаржыландыру нарығын басқаруға бағытталған қаржы құралдары туралы ақпараттармен алмасу, сондай-ақ екі ел компаниялары арасында тәжірибе бөлісу бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселесі қарастырған.

«Біз кореялық әріптестерімізбен тәжірибе алмасу мүмкіндігін бағалаймыз. Тәжірибе алмасу екі компанияға да екі елдің ипотекалық нарығын дамытуға бағытталған жаңа тәжірибелік білім беруге жол ашады», - деді «ҚИК»ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

null

Соңғы жаңалықтар