«Қазақстан инжиниринг» төрағасының бұрынғы орынбасарын қамау мерзімі ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«2017 жылдың 6 сәуірі күні Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлының қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 16 маусымына дейін ұзартты», - деп хабарлады сот өкілдері.

Еске салайық, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ» басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков ақпан айының соңында қамауға алынған еді. Сот ҰҚК тергеушісінің қолдаухатын қарап, 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Әзірге оны ұстау себептері айтылған жоқ.

Бұдан бұрын хабарлағандай, оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 2015 жылғы ақпаннан бастап ол осы лауазымды атқарды. Бұдан бұрын Қанат Сұлтанбеков Астана әкімінің орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар