Қазақстан хирургиялық инновациялар жағынан үздік 22 елдің қатарында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 27-ші Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығының конгресі өтеді. 1-3 қыркүйек аралығында әлемнің 30 елінен бір мыңнан астам кәсіби маман келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде 27-ші Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығының конгресіне арналған баспасөз конференцияда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева және «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы  Юрий Пя мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның клиникалары техникалық жарақтандырылу және медициналық жаңашылдықтар жағынан батыс емханаларынан қалыс қалмайды. Ұлттық ғылыми кардиология орталығында жүректің жасанды сол жақ қарыншасын іске қосуға мүмкіндік беретін технология енгізілді.

«Қазақстан медицинасы хирургия саласындағы бұл инновациялық тәсілді қолданатын әлемнің үздік 22 мемлекетіне кіреді. Соның ішінде жүректің жасанды сол жақ қалқаншасы технологиясы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қолданылады»,- деді вице-министр Ләззат Ақтаева.

Бүгінгі таңда бұл инновациялық технологияның аталған орталықта 208 құрылғысы жұмыс істейді. Баспасөз жиынында Еуразия өңірі бойынша денсаулық сақтау саласындағы халықаралық іс-шараны өткізу құқығына Қазақстан ғана ие екені белгілі болды. WSCTS Дүниежүзілік қоғамдастығы 1990 жылы құрылып, оның бірінші мәжілісі 1991 жылы Тайландтың Чиангамай қаласында өткен. Бүгінге дейін әлемнің түрлі елдерінде қауымдастықтың жыл сайынғы 26 кездесуі өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар