Қазақстан Елшісі Дональд Трампқа сенім грамотасын табыстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 24 сәуірінде Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Қазыханов АҚШ Президенті Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақ үйде өткен кездесуде Ержан Қазыханов АҚШ Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу аясында Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық бағыттар бойынша, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық және мәдени-гуманитарлық салаларда нығайып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін және еліміздің халықаралық және аймақтық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады. АҚШ Президенті қазақстандық-америкалық қарым-қатынастарды кеңейтуге қызығушылық танытты және жақында Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге қолдау білдірді. 

Соңғы жаңалықтар