Қазақстан электролиз зауыты «Алтын сапа» иегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» иегері болды.

 Кәсіпорын арнайы «Сапа көшбасшысы» марапатына лайықталды.  Марапатты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Индустрияландыру күніне орайластырылған телекөпір шеңберінде өткізілген салтанатты рәсімде кәсіпорын қалаушыларының бірі Александр Машкевичке табыстады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.  

ҚЭЗ - Қазақстан тарихындағы жаңа және ірі индустриалды жоба. Зауыт елімізде алғашқы және жалғыз жоғары таңбалы бастапқы алюминий өндіруші.

Қазақстан электролиз зауыты он жыл бойы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық алюминий өндіруде.  Қазақстан электролиз зауытында өндірілген бастапқы алюминий ресми түрде Лондон металл биржасында тіркелінген - ол шығарылатын өнімнің сапасын дәлелдейді.

Зауыт құрылысы 2005 жылы басталып, және 27 ай ішінде аяқталған еді. 2007 жылдың қыркүйегінен бастап ҚЭЗ отандық бірінші алюминий шығарды. 2007 жылдың аяғында Қазақстан электролиз зауыты 11 мың тонна бірегей алюминийді жасап шығарған. 

2010 жылдың маусым айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екінші кезекті іске қосты және кәсіпорын жобалық қуаттылығы жылына 250 мың тоннаға шықты. 2011 жылы зауыт дайын өнім көлемінде қазақстандық 251 мың тонна алюминийді өндірді.

Қазақстан электролиз зауыты іске қосылғаннан бері 1 866 627 мың тонна бірегей алюминий дайындалды.

20 килограммдық А8 және А85 маркалы алюминий кесектерінен басқа, ҚЭЗ алюминий өндірісіне керекті күйдірілген анодтардың қажетілігін қамтамасыз етеді. 2014 жылы Қазақстан электролиз зауытында жаңа бөлім - электродтарды өндіру цехы ашылған еді. Ол Павлодар облысының алюминий кластерін қалыптастыратын тағы да бір буын.

Қазақстан электролиз зауытының мамандарымен металдың өзіндік құнын азайту жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы жылы ҚЭЗ алюминий өндірісіндегі импорттық шикізаттан және негізгі құрымының көп бөлігінен бас тартты. Қазіргі таңда шетел құйма пішіндері алмастыруы өз мәресіне жетуде, ендігі кезекте аталмыш құйма пішіндер Еуразиялық Топтың құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ жасалуда. Ал тоқжолдарын бізге «ССКӨБ» АҚ жеткізеді.  Айта кетерлігі, жеткізілген тауарлар импорттық тауарлардан еш айымашылығы жоқ және олардан асып түседі десек те болады. Оған қоса, уақыт өте келе ресейлік өндірушілердің өнімін ауыстыратын, алюминий өндірісіне қажетті павлодарлық мұнай коксі үдеріске енгізілуде.

Соңғы жаңалықтар