Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесінің технологияларын белсенді енгізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылған технологияларды белсенді енгізбек. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, көрме павильондарында қойылған 105 шетелдік және 28 отандық технология іріктеп алынған. Оның 27-сі мұнай мен газ, 7-еуі көмір өнеркәсібі, 63-і электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК, 36-сы экология салаларына тиесілі.

«Қазіргі уақытта әкімдіктер заманауи технологияларды енгізу мақсатында 40 жобаны іріктеп алды және 4-еуі 2018 жылы енгізіледі. Ал ұлттық компаниялар іріктеп алған 15 технологияның екеуі 2018 жылы енгізілетін болады. Мұнай мен газ саласында Ресей, АҚШ, Қытай және Финляндиядан 7 технология анықталды. Оның ішінде облыс әкімдіктері 3 технология және компаниялар 4 технологияны таңдады», - деді министр.
null 

Оның айтуынша, электр энергетикасы бағытында 35 технология анықталып, оның ішінде әкімдіктер 26 технологияны таңдап алған.  Ал «Қазатомөнеркәсіп», «ЕмбіМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» және «КЕГОК» компаниялары 9 технология алып отыр. Көмір өндіру бағытында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  мен «Самұрық-Энерго» компаниясы бір-бірден технология  таңдады. Экология бағытында әкімдіктер 10 жобаны енгізуді жоспарлауда.
null 

Соңғы жаңалықтар