Қазақстан БҰҰ реформаларын қолдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының реформалар жөніндегі саяси декларациясына қолдау білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен БҰҰ-ны жетілдіруді қолдау үшін Нью-Йоркте 18 қыркүйек күні өткен жоғары деңгейдегі шараға Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты.

БҰҰ жұмысын жетілдіруді Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқаратын жеті негізгі жұмысының бірі деп атаған болатын. Реформалар жөніндегі БҰҰ декларациясы Қазақстанның осы саладағы негізгі ұстанымдарына сәйкес келеді, дейді СІМ-дегілер.

Бұл туралы Н. Назарбаевтың 2016 жылғы сәуірдегі «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде кеңінен атап өтілген. 

АҚШ бастамашыл болған декларация Бас хатшының рөлін күшейтеді, БҰҰ-ның бүкіл жүйесінің есептілігі мен транспаренттілігін арттыру, менеджментті жақсарту, Ұйымның құрылымдары арасында бір-бірін қайталауларды қысқарту, персоналды басқару және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру сияқты реформаларды қамтиды. Құжатта, сондай-ақ серіктестік қатынастарын нығайту және Ұйымға мүше мемлекеттер мен БҰҰ Хатшылығы арасындағы сенімді нығайтудың маңыздылығы атап көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар