Қазақстан БҰҰ-ның жыныстық зорлық-зомбылықты жою туралы құжатына қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ-ның жыныстық  зорлық-зомбылықты жою жөніндегі міндеттемесі туралы құжатына қосылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Құжатқа БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде жыныстық қанаушылық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жоғары деңгейдегі кездесуі аясында қол қойды.

Бұл құжат зорлық құрбандарына көмек көрсетуді, БҰҰ миссияларына жіберілетін қызметкерлерді іріктеу мен оқытудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуді, жыныстық эксплуатация және зорлық-зомбылық әрекеттерін жасайтын адамдарға қарсы шаралар қабылдауды қамтиды.

Кездесу барысында БҰҰ жетекшілері мен делегациялар басшылары бітімгершілік операцияларында зорлық-зомбылық жағдайларына жауап қайтарудың тиімді тетіктерін құрудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар