Қазақстан БҰҰ ҚК күнтәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде белсенді әрі әділ болуға тырысты - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  күнтәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде белсенді әрі әділ болуға тырысты. Бұл туралы бүгін аталған кеңестің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз. Орталық Азияның бұл мәртебелі қызметтегі бірінші мемлекеті ретінде біз өңіріміздегі халықтардың дүниежүзілік ұйымдағы өкілі сыңайлымыз», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінің бірінші жылы өткенін атап өтті.

«Біз кеңестің күнтәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу барысында барынша белсенді, конструктивті және әділ болуға тырыстық. Ауғанстан, Талибан, ДАИШ, Әл-Каида және Сомали Эритрея жөніндегі комитеттерді басқара отырып, олардың жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Кеңестің барлық мүше мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар