Қазақстан білімге инвестиция құйып, дұрыс бағытты таңдады - Руперт Гудман

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан дұрыс бағытты таңдап алды және білімге инвестиция құя бастады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қатысты пікірін білдірген Британ-Қазақ қоғамының патроны Руперт Гудман мәлім етті.

«Кез келген елдің ілгері дамуында адам капиталының алатын орны ерекше. Қазақстан дұрыс бағытты таңдап алды және білімге инвестиция құя бастады. Яғни шетелдік университеттерге студенттер жіберіп жатыр. Бұл мемлекеттің интеллектуалды капиталын байытып, халықтың сапалық деңгейде ілгерілеуіне оң ықпал ететін болады. Қазақстан зор әлеуетке ие болып, бұл ұлы өзгерістерге әкеледі», - дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар