Қазақстан азаматтарын Литваға кіргізбей қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш баласы бар Юсуповтар әулетіне Вильнюстың әуежайынан ары қарай шығуға тыйым салынды. Ал олардың визаларын тоқтатты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан азаматтарын әуежайдың жертөлесінде 16 сағат бойы ұстады. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері оны бұқаралық ақпарат құралдарынан білді. Себебі Адиля Юсупованың өзі Литвадағы Қазақстан елшілігіне xабарласқан жоқ. Шекара қызметінің мәліметі бойынша, үш баласы бар Адиля Юсупова Вильнюске наурыздың 26-сы күні ұшып келген.

"Қазақстанның консулы әуежайдың шекара қызметіне xабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Төлқұжат тексерісі кезінде шекарашылар сапардың мақсаты жайында сұраған екен. Шенген визасы алынғанда "Литвадағы туризм" деп көрсетілген еді. Алайда Юсупованың қол жүгін тексергенде ішінен ары қарай Германияға ұшатын әуе билеттері шықты. Сол себепті оған Литваға кіруге тыйым салынды. Әзірше, бұның бәрі - алдын ала ақпарат. Литваның шекара қызметі барлық құжаттардың көшірмесін келесі аптада біздің дипломаттарымызға беруі тиіс", - дейді министрліктің баспасөз xатшысы Әнуар Жайнақов.

Бұдан бөлек, министрлік Адиля Юсуповаға консулдық қызмет департаментіне xабарласуға кеңес берді. Сол ақпараттың негізінде ведомство оның құқықтарын қорғай алады.

Жалпы, министрлік барлық қазақстандық туристерді ондай жағдайда бірден Қазақстан консулымен байланысуға үндеп отыр. Ол үшін ағылшын тілінде «Please get in touch with the consul of the Republic of Kazakhstan», я болмаса, орыс тілінде «Прошу связаться с консулом Республики Казахстан» дегенді айту қажет. Шетелге шыққанда елшіліктің телефонын жазып алған дұрыс. Сондай-ақ министрлік сайтындағы арнайы нұсқаулықпен танысып шыққан артық етпейді.

Соңғы жаңалықтар