Қазақстан автомобиль тасымалы бойынша Сербиямен келісім жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан автомобиль тасымалы бойынша Сербиямен тиімді келісім жасады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр хабарлады.

«2016 жылы Қазақстан мен Сербия арасында тасымалданған жүктердің көлемі 15 процентке көбейіп, 5,5 мың тоннаны құрады. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған екі ел арасындағы автомобиль тасымалын жүзеге асыру үшін құқықтық нормалар бекітіліп, автотасымал түрлері регламенттелуде, сондай-ақ бланк алмасуға рұқсат ететін квота белгілеу тәртібі ұсынылған. Келісімге сәйкес, екіжақты және транзиттік жүктерді тасымалдау еркін түрде, ал үшінші елдерге тасымалдау рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Бұл шарт қазақстандық автотасымалдаушылар үшін тиімді, себебі Болгария, Грекия және Хорватиядан жүк тасымалдаған кезде қазақстандық тасымалдаушылар Сербияның аумағын пайдаланады», - деді Скляр «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль хабарламасы туралы Келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы талқыланған экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында.

Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып вице-министр қазіргі таңда Қазақстан мен Сербия арасында жолаушылар тасымалының жүргізілмей жатқандығын, алайда бұл мүмкіндіктің келісімде қарастырылғанын атап өтті. Жүктер екі бағыт бойынша тасымалдануда: Ресей мен Беларусь арқылы - солтүстік бағыт, Түркия арқылы - оңтүстік бағыт.

Соңғы жаңалықтар