Қазақстан ауылшаруашылық өнімдердің импортында Әзербайжанға басымдық бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Әзербайжаннан жеткізілетін 23 түрлі тауардың импортын арттыруға ниетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әзербайжанның экспорт пен инвестицияны қолдау қорына (AZPROMO) жолдаған материалында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend.az  сайтына сілтеме жасап.

«Мәселе түрлі ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде картоп, қызанақ, қияр, жаңғақ, алма, алмұрт, айве, өрік, шие және өзгелері турасында болып отыр», - делінген хабарламада.

Тізімге сондай-ақ шоколад, қант, темекі шикізаты, шараптар, күнбағыс майы, шәй, жануарлар және өсімдік тектес майлар, ациклді спирт енген. Қазақстан бұдан бөлек, Әзербайжаннан түрлі құрылыс материалдарын, атап айтқанда, цементті, қара металдан жасалған металды конструкцияларды, құбырлар мен қаптау пакеттерін импорттауға қызығушылық танытып отыр.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Әзербайжан өзге елдерден Қазақстанға жеткізілетін картоп, қызанақ, қияр мен корнишондарды, жануарлар және өсімдік тектес майларды және тағамдық майларды толығымен алмастыра алады.

Мысалға, министрліктің ақпаратына сәйкес, Қазақстан жыл сайын орташа алғанда 10,6 миллион долларға картоп импорттайды. Бұл ретте, Әзербайжан картобының импортын 8,3 миллион долларға жеткізуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ Қазақстан 56,6 миллион долларға қызанақ әкеледі. Әзербайжан елдің бұл өнімге сұранысын 87,5 пайызға қамтамасыз ете алады.

 

Соңғы жаңалықтар