Қазақстан 2017 жылдың 1 тоқсанында 17,1 млн тонна мұнай экспорттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан 17,1 млн тонна мұнай экспорттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, ҚР Үкіметінің Жұмыс жоспарын орындау мақсатында бірінші жартыжылдықта министрліктің алдына әлеуметік-экономикалық дамудың 9 мақсатты индикаторларына қол жеткізу міндеті қойылған. Жыл соңына дейін тау-кен өнеркәсібінің жалпы көлемі индексінің өсімін 103,6 процентке жеткізу жоспарланып отыр.

2017 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, мақсатты индикаторлар бойынша өсімге қол жеткізілді. Өндірілген мұнай мен конденсат көлемі 21,1 млн тоннаға жетті. Жалпы өнім көлемі 5,2 процентке артты. Негізгі ірі жобалар бойынша өндірістен: Қашаған бойынша (1,6 млн т), Теңіз бойынша (7,3 млн т.), Қарашығанақ петролеум бойынша (3,2 млн т) өнім өндірілді.

«Ішкі нарықты отандық жанармаймен қамтамасыз ету міндеті толығымен орындалды. Бензинмен қамтамасыз ету деңгейі 68% жоспар бойынша 80,9% жетті. Жанармаймен қамтамасыз ету 86% жоспары бойынша 99,3%, авиакеросинмен қамтамасыз ету 47% пайыз жоспар бойынша 47,1% болды»,-делінген ведомствоның хабарламасында.

Сәуір айындағы жағдай бойынша, газдандыру деңгейі 46,3% болды.

Электр энергиясын өндіру көлемі 27,1 млрд. кВт/с. Көмір өндіру көлемі 27,8 млн тоннаны құрады.

Соңғы жаңалықтар