Қазақ қызы Моңғолияда түсірілген фильмінің басты рөлін сомдады - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шет елдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Алтай қаласында «Қар-мұз» ханшайымы мен ханзадасы анықталды - «Ағажай- Алтай» порталы
null

null  

Қытай Халық Республикасының  Іле Қазақ автономиялы облысы Алтай қаласында Қысқы «қар-мұз»  туристік жобасы өтті. Оның аясында  «Қыз сыны мен Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Ағажай- Алтай» ақпараттық порталы.

null

null

Аталған дереккөздің жазуынша, шара өңірдің қысқы «қар-мұз»  саяхат жобасына туристердің белсенділігін артырып, қызғушылығын ояту, көркем символдық бейнесін әйгілеу мақсатында қолға алынған.  Байқау қортындысы бойынша түрлі сынақтардан сүрінбей өткен, өздерінің қабілет-қарымын танытқан, көркіне ақылы сай қыз бен жігіт таңдалды. Осылайша  биылғы жылғы Алтай қаласының қысқы «қар-мұз» туристік жобасының ханшайымы мен ханзадасы болып Күләш Шығысқызы мен Айбол Дәулетқанұлы аталды.

null

 

Қазақ қызы Ұланбатырда түсірілген фильмінің басты рөлін сомдады -  kaznews.mn
null  

Моңғолия елінің отандық кинолар санын толықтырған «Көктем» атты көп сериалы фильмнің тұсауы кесілді, деп жазады KAZNEWS ақпараттық порталы.

null

«Моңғолияның Ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастаған фильмнің басты рөлін әнші, жас актер Қ.Жұлдыз сомдаған. Жұлдыз «Anemone» атты топта Жулия есімімен елге танылған болатын. «Көктем» фильмінде 8 саундтрек болса, соның біреуін Жұлдыз өзі орындапты. Туынды Ұланбатыр қаласында түсірілген. 19 сериалдан тұрады. Фильмде басты кейіпкер Маралға (Жұлдыз) Халиун есімді жігіт тұрмысқа шығуына ұсыныс жасайды. Бірақ Марал одан бас тартады. Ерке өскен Маралға әжесі және інісімен бірге қарапайым отбасында өмір сүретін Білге есімді жігіт жолығады. Оқиға қызықты, тартысты өрбіген», - деп жазады дереккөз.

Ұлы даладағы өсімдіктер мен хайуанаттар әлемін зерттеп жүрген қазақ - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNK)
null 

Қытайлық kazakcnr.com сайтында өсімдіктер мен хайуанаттар әлемін зерттеп жүрген ҚХР Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ автономиялық ауданында тұратын қазақ азаматы Алмас Әбутәліпұлы туралы мақала жарық көрді.

Мақала авторы Мұратбек Зәкішұлының жазуынша, Алмас Әбутәліпұлы Чилан (Шүлен) тауынан Гималай тауына дейінгі биік үстірттердегі, Сайдам ойпатынан Қобда құмына дейінгі шөлейтті аймақтардағы жабайы хайуанаттар мен өсімдіктерді зерттеп, олардың атын, даралық ерекшеліктерін анықтап, таралуы мен географиялық орналасуы қатарлы сандық мәліметтерді аса ыждағаттылықпен жинап келген.

null

«Ақсай ауданы жабайы хайуанаттар мен өсімдіктер кең тараған өңірлердің бірі саналады. Онда Қанамбар жабайы түйекиік қорығы, Қалтын халықаралық аң аулау аймағы, Айнакөл жыл құстары мекені қатарлы қорық нысандары бар. Осы құтты аймақта өмірге келген Алмас Әбутәліпұлы бала күнінен- ақ аң-құсқа әуес болып өскен. Гансу ауыл шаруашылық университетіне оқуға түсіп, жоғары білім алған азамат туған жерінің тау-тасын кезіп, табиғатының құпиясын ашуға ден қояды. Ол теңіз деңгейінен 145 м төмен жатқан Қобыда құмының ыстығына, теңіз деңгейінен 4435 м биіктіктегі Гималай тауының өттегі тапшы, боран-шашынды, суық ауа райына шыдай жүріп, сол өңірде тіршілік ететін жабайы хайуанаттар мен өсімдіктерді суретке түсіріп, естелікке алады. Оның  он жылдан астам уақыт қажырлы ізденісінің нәтижесінде «Гансудың батыс өңіріндегі құрлықтық омыртқалы жабайы хайуанаттар» атты жаңа кітабы  2014  жылы жарық көреді. Онда Гансу өлкесінің батыс өңірінде мекендейтін 400 түрлі жабайы жыртқыш хайуанаттар мен құстар, бауырымен жорғалаушылар туралы үш тілде (қытай, ағылшын, латынша)  таныстырылған. Мұнан басқа 2017  жылы 6000-нан астам өсімдіктің атауын, суретін қоса беріп  түсіндірген «Қытай даласындағы өсімдіктердің салыстырмалы сөздігі» кітабы Бейжіңдегі ұлттар баспасында басылып шығады. Ал осы жылы тағы бір көлемді еңбек 1200 - ден астам жабайы хайуанаттардың атауы қамтылып, төрт тілде (қазақ, қытай, ағылшын, латын) таныстырылған «Қытай еліндегі омыртқалы хайуанаттардың салыстырмалы сөздігі» кітабы да Бейжіңдегі баспадан жарық көрді», - деп жазады мақала авторы.

null

Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек,  Алмас Әбутәліпұлы тек қана жануарлар мен өсімдіктерді зерттеп ғана қоймай, олардың бейнесін фотоаппараттың көзімен де шеберлікпен көрсетуге дағдыланған кәсіби маман.  Жүрген жерінде оның фотоаппарат көзінен ұшқан құс, жүгірген аң қалыс қалып көрген жоқ. Сонымен бірге ол тарихи, мәдени тақырыптарда жазылған зерттеу мақалаларының да авторы. Алмас Әбутәліпұлының «Гималай тауынан асқан қазақтар», «Қазақ халқының көшпелі мәдениеті», «Құлжа және Азия тұқымдарының парқы», «Жабайы түйекиік пен түйенің ұқсамайтын ерекшелігі», «Тау тағысы көк ешкі», «Ақсайдағы қара мойын тырналардың саны мен таралуы», «Гансу өлкесінің батысындағы жабайы емдік шөптер мен сәндік өсімдіктер» секілді мақалалары қытайлық және шетелдік басылымдарда жарияланған.

null

 

Қытайда қазақтың материалдық емес мұрасының мұрагері анықталды - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null 

Қытайдың Мәдениет министрлігі мемлекеттік дәрежедегі материалдық емес мұраларды жалғастырушы мұрагерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды People Daily жаңалықтар сайты.

null

Көне мәдениетті жалғастырушы және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып, байытушы мұрагерлер тізіміне Қытайдың Шыңжаң өлкесінен 51 адам таңдалған. Олар Шыңжаңда тұратын түрлі ұлттардың мемлекеттік дәрежеде мойындалған материалдық емес мұраларын дәріптеп, жалғастырушылар. Осы тізімде қазақтың ұлттық киімін насихаттаушы мұрагер Жеңісгүл  Нұрданақынқызының да аты аталған. Ол Шыңжаң қазақтарының арасынан шыққан белгілі тігінші, дизайнер, қазақтың  ұлттық киімдерін тігуге үйрететін өнер мектебінің директоры, «Тасбұлақ» шеберханасының жетекшісі. Сондай-ақ бұлардың арасында ұйғыр ұлтының материалдық емес мұрасын жалғастырушы Ахметжан Үйсіп (әзіл-сықақ), Әбдуәли Дәуіт те (ұйғыр ұлтының халық әнін жалғастырушы)  бар.

null

 

АҚШ пен Қазақстан 20 ынтымақтастық келісіміне қол қойды-  «Фарс» ақпарат агенттігі
null 

Қазақстан Президенті Вашингтон сапарында америкалық әріптесімен кездесіп, кездесу барысында екі ел арасында 20 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды, деп хабарлайды «Fars»  ақпарат агенттігі.

«Fars» агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Америка президенті Дональд Трамппен кездесуінде америкалық әріптесінен еліне келуге шақырғаны үшін алғыс айтып, оны да Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Екі ел президенттері тәуелсіздік пен екі елдің аумақтық тұтастығын және Қазақстанның әлемдік бейбітшілік пен тыныштықты сақтаудағы рөлін қуаттады.

Қазақстан мен Америка президенттері Орта Азиядағы қоғамдық түйткілдерді аймақтық серіктестік форматтарын, соның ішінде «C5+1» тобын қолдану арқылы шешуге әзірліктерін мәлімдеді.

Кездесуде Ауғанстандағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және аймақтың саяси-экономикалық байланыстарын көбірек дамыту туралы пікір алмасу өтті.

Трамп Қазақстаның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдардағы кезеңдік төрағалығын қуаттап, осы елдің ядролық қаруларды таратуға тыйым салу саласындағы халықаралық талпыныстарын оң бағалады.

 

Қытайда Көктоғай қара тауығы мемлекеттің ерекше қорғауына алынбақ - «Алтай» ақпарат порталы
null 

Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі Памир қодасы, Керия шұбар үйрегі, Көктоғай қара тауығы сияқты үш үй жануарын мемлекеттік үй жануары генетика байлығына енгізуге өтініш берді, деп хабарлайды қытайлық People Daily басылымы.

ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Көктоғай ауданындағы қара тауықтардың бұл тұқымы суыққа төзімді, 30-40 градус суықта қарлы жерде өзі азық тауып жей алатын артықшылыққа ие екен.

 Бұл үй жануарларының мемлекеттік дәрежеде қорғалуын Шыңжаң өлкелік мал шаруашылығы басқармасы ұсынып отыр. Қазіргі күні Қытай мемлекеттік үй жануарлары генетика байлығы комитеті үй жануарының 153 түрін қорғауға алған. Мемлекеттің қорғауына алынған жануарлардың қатарында Шыңжаң өлкесінен Хотан көк есегі, Шыңжаң қара арасы, Шыңжаң қазы, Хотан қойы, Долан қойы, Қара шәрі жылқысы қатарлы 6 үй жануарының түрі бар. Бұлар жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар саналады. 

Деректерге жүгінсек, генетикалық жойылуға оларды ойланбастан будандастыра беру себеп болған. Басқа жақтан әкелінген тұқымдарға баса мән берілу, бәсекеге қабілеті төмен түрлерге көңіл бөлмеу, дәстүрлі мал шаруашылығының рөлінің төмендеуі де осы кемшілікке әкеліп соқтырған. Сарапшылар әлемдегі жануарлардың көптеген бағалы түрлеріне жойылу қаупі төніп тұрғанына баса мән беріп, қоғамға олардың генетикалық ресурсын сақтап қалуға белсенді атсалысуға шақырады.

 

Қазақстанның табиғаты тамсандырады - ТРТ порталы
null 

Қазақ елінің табиғаты қыс маусымында да жұртты тамсандырады, деп жазады Түркия Радио Теледидар порталы.

«Қазақстан - биіктігі мыңдаған метрге жететін шыңдары және мұздықтарынан, ұшы қиыры жоқ даласы мен адамды таңғалдыратын каньондарына дейін адам сенгісіз табиғи сұлулық ұсынатын ел. Осындай адамды сиқырлап алатын табиғаттың да өзіндік қатаң шарттары болады.  Қыс маусымы күнделікті тұрмыста қиындық әкелсе де,  Қазақстан даласы мен каньондары қақаған қыста да адамдарды тамсандыруын жалғастырады. Қазақ елінің ұшы қиыры көрінбейтін жері көпшілік шетелдік ойлайтындай теп-тегіс далалық емес,  керісінше өзгеріп отыратын түрлі әсемдіктерге толы. Қазақстанда Еуропадағы секілді Альп тауларын,  Африкадағы секілді сусылдаған құм төбелерін, Америкадағы секілді каньон-шатқалдар немесе адам аяғы баспаған мидай дала кездестіру - қалыпты жағдай. Жазғы мезгілде адамды өзіне қайран қылатын дала мен шатқалдар қысқы уақытта да сүйсіндіреді. Осындай адам тойғысыз көріністер елдің шетелдерге таныстырылуына да үлкен үлес қосады.  Сонымен бірге туризм секторының дамуына да пайдасы мол»,- деп жазады ТРТ порталы.

 

 

Соңғы жаңалықтар