Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты сатылымға қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздегі мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру бойынша электронды сауда айналымында «Құрмет белгісі» Орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» АҚ-ның жүз пайыз акцияларын сату сәтті болмады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мұндай жағдай  сатып алушылар қызығушылығының төмендігінен орын алды. Сауда айналымының басында конкурсқа қатысушылар тарапынан веб-порталға екі ұсыныс түскен. Сондай-ақ, конкурс электронды тендер түрінде өтіп, тізілімнің арнайы веб-парақшасындағы жабық электронды конвертте қатысушылардың баға ұсыныстары болуы керек-ті.

Екі акционерлік қоғам да ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды, ал сатылымға қойған - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Қос нысан негізіндегі кепілдік жарна қатысушылар үшін 68 070 000 теңгені құрайды. Бастапқы баға бойынша Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты - 3 025 437 000 теңге, ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 4 412 117 000 теңге болып бекітілді. 

Соңғы жаңалықтар