Қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚпазАқпарат - Қазақтың кәсіпқой боксшысы Айдос Ербосынұлы бесінші кездесуін нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлесіміз Нью-Джерси штатында өткен кезекті айқасында жергілікті боксшы Риарус Дадлеймен (5-1-1, 2KO) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Негізі жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 4 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Оның екеуін Украинада, қалған екі жекпе-жекті өз елімізде өткізген болатын. Ал бүгінгі айқасы АҚШ аумағындағы өткізген алғашқы жекпе-жегі. Талантты қазақ боксшысы кәсіпқой бокста 72,6 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар