Қазақ боксшы Қытай чемпионатында топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң автономиялық өлкесінде туып-өскен ұлты қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатханұлы ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайлық Жэньминь Жибао басылымының хабарлауынша, бұл додада бокстан Шыңжаң өлкесі ерлер құрамасы 8 медаль еншілеп (2 алтын, 1 күміс, 5 қола), топтық есепте 1-орыннан көрінді.

75 кг салмақта сынға түскен Тоқтарбек Таңатханұлы ақтық сында Аньхой провинциясы атынан сынға түскен Хуан Янхуиды тізе бүктіріп, өз салмағының чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол 2018 жылы Индонезияның астанасы Джакартада өтетін Жазғы Азия ойындарына жолдама алды.

Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатханұлы өткен жылы XIII кезекті жазғы Жалпықытай спартакиадасында төрешілердің әділетсіз шешімімен күміс медаль еншілегені туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, 2018 жылы қаңтар айында қандасымыз 2017 жылғы қытайдың «Бокс королі» чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, «король» чемпиондық белдігін жеңіп алған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар