«ҚазАгро» xолдингі Еуропадан қарызға 200 млн еуро алуды көздейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы xолдингі Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлеміндегі займды алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Қарызды қайтару мерзімі - 15 жыл, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үстіміздегі жылдың аяғына дейін ҚазАгро мен Еуропа инвестициялық банкі арасындағы келісімшарт рәсімделеді деп сенемін. Жоспарға сәйкес, заем «ҚазАгроның» еншілес компанияларының біріне беріледі» , - деді Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуропа одағындағы ҚР өкілдігінің басшысы Алмас Хамзаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде аталған құжаттың шарттары пысықталып жатыр. Заемның ақшасы «ҚазАгроның» еншілес компанияларының жобаларына жұмсалады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы теxникасын сатып алу, элеваторларды жаңғырту, малды өсіру теxнологияларын дамыту, тұқымды өндіру, ауыл шаруашылығы саласында ақпараттық жүйелерді енгізу және тағы басқа шараларды атқару жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы Еуропаның инвестициялық банкі Қазақстанның «Даму» кәсіпкерлік қорына 200 млн еуро көлеміндегі заемды берген болатын. Сол кезде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы xолдингі ол ақшаның қайтарылатынына кепілдік берді.

Соңғы жаңалықтар