Қайырбек Сүлейменов Facebook-те жеке парақшасын ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов Facebook-те жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қадірлі достар! Мен, Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы, Facebook-те өз парақшамды ашуды жөн деп шештім. Өйткені дәл осы алаңда белсенді азаматтық ұстанымға ие қоғамдастық қалыптасқан деп есептеймін. Бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін Сіздермен байланыса отырып кеңірек қозғауды қалағандықтан осылай еттім», - деп жазады Кеңес төрағасы.  

Сондай-ақ, Қайырбек Сүлейменов ең алдымен жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу мәселелерін көтеретінін, оқырмандардың назарын мемлекеттік органдар қызметіндегі бюрократизмге, бизнеске әкімшілік қысым жасауға байланысты туындап отырған кемшіліктерге аударатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар