Қайың ағашын кескен СҚО тұрғыны 400 мың теңге айыппұл төлейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері экологиялық қылмыс деректері бойынша жыл басынан бері 88 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың басым бөлігі - 81 оқиға - заңсыз ағаш кесу. Солардың бірі таяуда Шал ақын ауданында болды. Орман шаруашылығы жұмысшылары орманда ауқымды көлемде ағаш кесілгенін анықтаған. 91 қайың  кесілген. Маңайдағы белгілер ағаштардың соңғы үш күн ішінде кесілгендігін айғақтады. Хабарлама алған полиция қызметкерлері тұтас ауданды тексеруге кірісті. Жедел ақпарат оларды ірі көлемді ағаш саудасы орнына әкелді.

«Сатушы» 1966 жылғы Сергеевка қаласының тұрғыны болып шықты. Екі күн ішінде ағаштарды кесіп, барлық қажетті рұқсат құжаттарының барына сендірген ол екі жұмысшыны жалдап алған. Солардың көмегімен әрекетшіл ағаш кесуші 167 мың теңгеге 32 шаршы метр отынды саудалап үлгерген», - деді баспасөз қызметі. 

Солтүстікқазақстандық сот алдында ҚР Қылмыстық кодексінің 240 бап 1 тармағы «Заңсыз ағаш кесу» бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл төлеу санкциясымен жауапқа тартылады.

Жыл басынан бері облыста табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық бойынша 537 оқиға анықталды. Аң және балық аулау ережелерін бұзу бойынша 240 және 209 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар