Қайрат Нұртас пен Айқынның Наурыз туралы жаңа саундтрегі шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қайрат Нұртас пен Айқын Наурызда «Той любой ценой» фильміне жазылған жаңа саундтрегінің тұсауын кеседі, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Әртістер қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, «Той любой ценой» фильмін көруге шақырды.

Арнайы осы фильм үшін Қайрат Нұртас пен Айқын Төлепберген «Әз-Наурыз» әнін жазған.

«22-25 наурыз аралығында Астана алаңында, Атлет ауылында мерекелік шаралар өтеді. 21 күні «Той любой ценой» атты фильмнің және аталған картинадағы Айқын екеуміздің жаңа әніміздің тұсауы кесіледі», - деді  Қайрат Нұртас. 

Кинолента 21 наурызда Алматы әкімдігінің қолдауымен прокатқа шығады.

Фильм сюжеті бойынша Мақсат есімді жігіт әпкесінің ұзату тойына жинаған ақшаны жоғалтып алады.

Басты кейіпкер тойды өткізу үшін барын салады.

«Той любой ценой» - отбасы құндылықтары, дәстүрлері, махаббат туралы көңілді фильм. Біздің кино отбасы мүшелерімен көруге арналған», - деді картина режиссері Қанағат Мұстафин.

Фильмде белгілі актерлер Жан Байжанбаев, Фархат Абдраимов, Ғани Құлжанов, Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов, Ерболат Тоғызақов, Әсел Ақбарова,  Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Олжас Әлжанов, Динара Бақтыбаева, Амина Малгаждар, Максим Акбаров, Дидар Қаден, Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген, Салтанат Бақаева, Шәріп Серік пен Айым Сейтметова ойнайды.

Казинформ коллажы

Соңғы жаңалықтар