Қайрат Нұртас Atyrau Marathon-ға қатысады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Atyrau Marathon-ға 16 жасқа толған кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Қатысушылардың бірі белгілі болды - ол Қайрат Нұртас, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Іс-шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау. Марафонға қатысушылар екі қашықтық бойынша жүгіреді - әуесқойлар 10 шақырым, ал кәсібилер 21 км жүгіретін болады. Бұл Атырау облысында ұйымдастырылып жатқан бірінші марафон. Бұл жарысты дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізбекпіз. Мақсатымыз - түрлі жастағы адамдарды спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануңа шақыру», - деді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Жүгіру 6 мамыр күні өтеді. 10 шақырымға жүгу әуежайдан басталса, кәсіпқойлар - Мұнайшы стадионынан жарысты бастайды. Екі жүгірістің қорытындысы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасындағы әр жастағы топтардың ішіндегі үздіктер анықталады. Спорттық іс-шараның соңында жеңімпаздар марапатталып, Қайрат Нұртастың қатысуымен концерт өтеді.

Марафонды Атырау облыстық әкімдігі мен Infinity Fitness клубы ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар