«Қайрат» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футбол командасына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың медиа-офицері Бағыжан Әбуевке сілтеме жасай отырып.

Бағыжан Әбуевтің айтуынша, испаниялық Карлос Алос Феррер бүгін ресми түрде «Қайрат» ФК бас жаттықтырушы болып тағайындалды.
null

«Клубтағы ойыншалар құрамында жаңа маусымға дейін ешқандай өзгерістер болмайды. Жаңа бапкер бар құраммен жұмыс жасайды. Испаниядан тағы екі адам келеді деп күтіліп отыр. Оның біреуі аудармашы, біреуі физиотерапевт. Олардың есімдері әлі белгісіз», дейді Б.Әбуов.

«Карлос Алос Феррер бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер (17 жастағы) құрама командасында бапкер болған. Сонымен қатар, Қазақстан Футбол федерациясының бапкерлік кеңесінде мүше болған. Польшаның Щецин қаласындағы «Погонь» футбол клубында бас бапкер және Польшадағы «Барселона» футбол академиясында директор болған. Мұнымен қатар, Гонконтағы фтубол академиясында да бас диреткор қызметін атқарған», - деді клубтың медиа-офицері Б.Әбуев. 

Соңғы жаңалықтар