Катарда ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті

None
None
ДОХА. ҚазАқпарат - Дохада Катардағы ҚР елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. 

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады.

Іс-шараға Катар мемлекетінің Вакуфтер және ислам ісі бойынша министрі Гаис бен Мубарак Аль-Кауари, СІМ бас хатшысы Ахмад Аль-Хамади, «Qatar Airways» әуе компаниясының басшысы Акбар Аль-Бакер, «Katara Cultural village» мәдени қалашығының директоры Халид бен Ибрагим Аль-Сулайти, сондай-ақ бизнесмендер, Катардағы дипломатиялық миссия басшылары қатысты.

Қатардағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев өз сөзінде Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары заманауи мемлекеттің негізін қалау барысындағы және оны дамыту кезіндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған басты шешімдері мен ұстанған қағидаларына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, соңғы 26 жыл ішіндегі елдің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жетістіктерін, еліміздің халықаралық аренадағы беделі мен рөлін атап өтті.

Бұдан бөлек, елші қабылдауға келген қонақтарға Қазақстан мен Катардың екіжақты ынтымақтастығының бүгінгі таңдағы жетістігі мен оны дамытудың келешегі туралы баяндады.

Қабылдау аясында танымал қазақстандық «Magic of Nomads» этно-джаз тобының және опера әншісі Береке Еңкебаеваның концерті өтті. 

Соңғы жаңалықтар