Қасым-Жомарт Тоқаев: 1-Студия бағдарламасы орынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы 1-Студия бағдарламасына өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстан телеарнасындағы 1-Студия бағдарламасының пайда болуы орынды, қажетті. Берік Уәли жақсы жүргізеді. Әртүрлі пікірлер айтылатын болды», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, танымал журналист Берік Уәлидің «1 студия» қоғамдық-саяси ток-шоуы «Қазақстан» ұлттық арнасында алғаш 16 сәуірде шыққан болатын.

Жексенбі сайын сағат 20-00-де көрсетілетін ток-шоуға елімізге танымал сарапшылар, саясаткерлер мен қоғам өкілдері қатысып, хабар барысында еліміздегі ең өзекті деген саяси тақырыптар қамтылып келеді.

Соңғы жаңалықтар