Каспий жағасында теңіз терминалы салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнын зерттеп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС Каспийде теңіз терминалын тұрғызбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жүктерді тасымалдау маршруты» жобасы аясында тереңдету жұмыстары аяқталды. Жүк тасу терминалы аумағында және жағадағы жұмыстар 100 процент аяқталды. Жоспарға сәйкес, Теңіз кен орнында инфрақұрылым құрылысының жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Каспий теңізінің жағасында Атырау облысының Жылыой ауданында салынып жатқан терминал Теңізде зауыт құрылысының үшінші буыны үшін ірігабаритті жүктерді су жолы арқылы тасымалдауға арналған. Тереңдікті анықтау, жағадағы және аумақтағы зерттеу жұмыстарын Нидерландтан келген «Ван Оорд» компаниясы жүргізуде.

Теңіз каналының ұзындығы 70 шақырымға созылса, тереңдігі 4,8 шақырымға бойлап, ені 61 метрге жалғасады.

Терминалдың құрылысына кететін қаражаттың 90 процентін «Теңізшевройл» компаниясы, 10 процентін «Теңіз Сервис» компаниясы салып отыр.

Соңғы жаңалықтар