Каспий Құбыр консорциумының жаңа мұнай айдау станциясы іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысының Исатай ауданындағы Каспий құбыр консорциумының Шығыс аймағындағы А-НПС-3А жаңа мұнай айдау станциясын салтанатты іске қосу рәсіміне қатысты деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының баспасөз қызметі. 

Салтанатты рәсімге Каспий Құбыр консорциумының Бас директоры Н.Горбань, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, акционер-компаниялар өкілдері қатысты.

Ғ. Дүйсенбаев станцияны қосу салтанатының алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың құттықтауын оқыды.
null 

 А-НПС-3А қосу арқылы Ресей мен Қазақстанның, сондай-ақ жетекші мұнай өндіруші компаниялардың қатысуымен мұнай тасымалдауға арналған ірі халықаралық инвестициялық жоба - Қазақстан аумағында  Каспий құбыр консорциумының кеңейту жобасын жүзеге асыру аяқталды.

 Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың үштен екіден астамы тасымалданатын Теңіз - Новороссийск құбырының ұзындығы  1511 шақырымды құрайды. 

Соңғы жаңалықтар