Кәсіпқой бокс: Фируза Шарипова ресейлік қарсыласын нокаутпен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова (4-1, 2 КО) мен ресейлік Ольга Забавина (0-6) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Спорт.кз.

Кездесу 6 раундқа созылуы тиіс болған. Алайда қазақ қызы үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, бұл Фирузаның кәсіпқой бокстағы 5-ші жеңісі және уақытынан бұрын жеңіспен аяқтаған үшінші кездесуі.

Соңғы жаңалықтар