Кәсіпкерлер үшін электр энергиясын арзандатудың құқықтық тетіктері енгізіледі - Нығматулин
Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы фракциясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Электр энергиясы туралы заң жобасын жасақтау барысында "Атамекен" ҰКП-мен тығыз қарым-қатынас жасадық. Қазір ол заң жобасы қолымызда және екінші оқылымда талқыланатын болады. Салалық Комитетпен талқылау барысында біз көптеген проблемалардың шешімін беретін құқықтық тетік ойлап таптық. Ол - энергия тасымалдағыш компанияларды ірілендіру. Осылайша, электр энергиясының құны кәсіпкерлер үшін де, xалық үшін де арзандай түседі", - деді Н. Нығматулин.
Спикердің атап өткеніндей, электр энергиясына кететін шығындар бизнестің ең салмақты шығындарының бірі.
Фракция отырысының жұмысына "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысуда.