Кәсіпкерлер «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалдарына шағымдануда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Атамекен» ҰКП-ның Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің  көшпелі отырысы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі  облыстық палатаға сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов, тиісті сала басшылары мен аймақ кәсіпкерлері қатысты.

Кеңесте Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпкерлік нысандарын газдандыру, сондай-ақ бизнес өкілдерінің аталмыш салаға қатысты проблемалары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Кеңесте өткір талқыланған мәселелердің бірі - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалдарының жұмысына қатысты болды.


Атап айтқанда, бұған дейін, газ саласында жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын бірқатар мекеме Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда Өндірістік филиалы өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысатын өзге тұлғаларға кедергі жасайтындығына  шағымданған болатын.

Мұндай мәселе Оңтүстік Қазақстан облысына да тән болып шықты. Бұл жөнінде Кеңес отырысында Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғазизбек Нәтбаев пен шымкенттік кәсіпкерлер де айтты.

Отырыста қызылордалық бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасының араласуымен аталмыш мәселе бірнеше рет талқыланып, ортақ келісімге келгендіктерін жеткізді.

Ал республикалық кеңес мүшелері аталмыш түйіткілге қатысты бітімгершілік комиссия құрып, жан-жақты зерттеп, шілде айында өткізілетін Кеңестің келесі отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар