14:18, 17 Қаңтар 2018 | GMT +6
KASE: Теңге бағамы нығая түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы 327,4 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 0,65 теңгеге құлдыраған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 327,13 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 328,1 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 105,15 млн долларды құраған.
Сейсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 328,05 теңге, күндізгі сессияда 327,54 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 327,89 теңге болған. Сауда көлемі 311,8 млн долларды құраған.