KASE-де доллар неге арзандап жатқаны түсіндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасының басшылығы баспасөз мәслихатында валюта нарығындағы жағдай мен 2018 жылғы болжамдар жайында баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 қаңтарда таңертеңгілік сессияда KASE-де доллар 323.10-324.61 теңге аралығында саудаланды. Осы орайда америкалық валюта арзандағаны байқалады. Валюта айырбастау орындарында теңгенің 1 АҚШ долларына шаққанда орташа бағамы 324,5- 325,3 теңгені құрады.

«Бізге мұнай бағасының өсуінің әсері де жетті. Екінші фактор - ақша нарығы дәстүрлі түрде базалық ставканың төмендеуіне тиісті бәсеңдеумен көрініс берді. Алайда ұлттық валютаның нығаюына әсер еткен ең басты фактор - ол нарықтағы теңгенің профициті. Теңге бағамы нығайып келеді, бұл өз кезегінде ақша құнына ықпал етуде», - деді Қазақстан қор биржасы  басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Бұдан бөлек, ол биржадағы жағдай бойынша 2018 жылдағы болжамға тоқталды.

«Қазақстан экономикасы қалпына келе жатыр, осы орайда мемлекеттік бағдарламаларды ескермесек те, нарықтың белсендігі артатынына салмақты негіз бар. Біз іскерлік белсенділіктің жоғарылайтынын болжап отырмыз, оның ішінде нарыққа шетел инвесторлары тартылуының үлесі де елеулі болмақ. Шетел инвесторлары келген кезде, олармен бірге доллар да тартылады. Бұл өз кезегінде теңге бағамына оңтайлы әсер етеді. Себебі олар валютаны сатады, ал сатып алынған теңгені мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялайды», - деп тоқталды А. Цалюк.

Барлық айтылған факторлар корпоративті облигациялардың артуына алып келуі тиіс. Сондықтан оның көлемі едәуір өсіп, акциялар көбейе түседі. Жалпы, KASE ақша нарығында көлемнің артуын болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар