Қаржыгер Камал Шөкеновтің құрметіне шағын футболдан турнир өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- 21-22 қаңтар күндері Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисі, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.

Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 8 команда қатысып, үздіктері анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

null 

Жарыс қорытындысында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бірінші орынды иеленді. ҚР Ұлттық банкі Қызылорда филиалының командасы - екінші, облыстық қаржы басқармасының командасы үшінші орынға табан тіреді.   

«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Нұржан Қалиев (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік қорғаушы» - Нұрсұлтан Сұлтанбеков (экономика басқармасы), «Үздік шабуылшы» - Дәурен Серғазиев (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Мерген ойыншы» - Кеңес Маханбетов (ҚР Ұлттық банкі), «Үздік ойыншы» аталымында Ерлібек Төлегенов (қаржы басқармасы) марапатталды.

null 

Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне дипломдар, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды. 

Соңғы жаңалықтар