Қаржы министрлігі шет елдегі қазақстандық студенттерге ескерту жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі шетелдегі қазақстандық студенттерге салық декларацияларын беру мәселесінде құлаққағыс жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес, салық төлеуші резиденттер - Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар есепті салық жылының 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасынан тысқары шетелдік банктердегі есепшоттарында ақшасы бар болса жеке табыс салығы туралы декларация тапсыруы тиіс.

Бірақ салық декларациясы тек ҚР аумағынан тыстағы шетелдік банктерде ашылған есепшоттағы сома ең төменгі жалақыдан (2017 жылы 24 459 теңге) 12 есе көп болғанда ғана тапсырылады», - делінген хабарламада.

Шет елде оқып жүрген қазақстандық студенттер, шетелдік банктерде ашылған олардың есепшотындағы сома ең төменгі жалақыдан 12 есе көп (293 508 теңге) болған жағдайда, декларация тапсырады.

Айта кетейік, есепшоттағы ақша ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша есептеледі.

Соңғы жаңалықтар