Қаржы министрі жекешелендірудегі проблемаларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жекешелендірудегі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, біріншіден ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша тарату және қайта құру сатысындағы 211 нысанның тек 80 нысаны ғана  таратылды. 131 нысан тарату және қайта құру сатыларында.  Бұл ретте, 3-4 жыл бұрын тарату немесе қайта құру жөнінде шешім қабылданған нысандар да бар. Бұл нысандар осы күнге дейін әлі таратылмаған.

«Ағымдағы жылы 5 нысан бойынша тарату рәсімі басталмаған. Аталған заңды тұлғалар органдарының тиісті шешімдері жоқ. Олардың ішінде 4 нысан - коммуналдық меншік бойынша және 1 нысан - республикалық меншік бойынша, ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі. Ал коммуналдық меншік нысандары Қарағанды, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында», - деді ол.

Екіншіден, оның сөзіне қарағанда, ауыртпалықтары және қайта құрылуына байланысты сауда-саттыққа шығарылмайтын нысандар да бар. Мұндай нысандардың жалпы саны - 7. Олар 2018 жылға ауыстырылатын болады.

«Осыған байланысты біріншіден, әкімдіктерге, мемлекеттік органдарға әлеуметтік аспектіні ескере отырып, тарату рәсімдерін үдемелі қарқынмен бастауды, әрбір нысан бойынша орындау мерзімдерімен қадамдық іс-шараларды қамтитын таратылмаған барлық нысандар бойынша оларды тарату Жол карталарын әзірлеуді, екіншіден, әкімдіктерге ағымдағы жылға арналған жоспардың орындалуы бойынша мониторинг пен тұрақты бақылау жүргізуді ұсынамыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Фото: PrimeMinister.kz

Соңғы жаңалықтар