Қарулы Күштердегі әйелдер кеңесінің жұмысы талқыланды - ҚР ҚМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы базасында Қазақстанның Қарулы Күштерінде әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрлігі әйелдер кеңесінің өкілдері әскери қызметшілер мен олардың отбасылары тұрып жатқан әскери қалашықтар мен жатақханаларды аралап шығып, назар аудару қажет өзекті мәселелерді атап өтіп, бірқатар кездесулер өткізді.  

Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әйелдер кеңесі әскери қызметшілердің отбасыларымен белсенді өзара іс-әрекеттегі жұмыс жасайды. Олар әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің моральдық-психологиялық жағдайының мониторингісін жүргізеді, оларға практикалық көмек көрсету және проблемалық мәселелерді шешу бойынша шараларды іске асырады. 

Ретке келтірілген кешенді жүйелі жұмыс шеңберінде ұдайы негізде Ашық есік күндері, қолбасшылықтың әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесулері ұйымдастырылады. Онда әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы, яғни, әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке және  балабақшаға беру сынды мәселелер талқыланады және шешіледі.  

Соңғы жаңалықтар