Карина Қозғанбаева әлем чемпионатынан қола еншіледі

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Таиландтағы жастар арасындағы әлем чемпионатында кезекті медаль қоржынға түсті.

69 келі салмақта қыздар арасындағы бәсекеде Карина Қозғанбаева қола жүлдегер атанды. Отандасымыз өзіне берілген мүмкіндіктің біреуін сәтсіз пайдаланып, бесеуін сәтті орындады.

Қос сайыс қорытындысы бойынша эквадорлық спортшы 220 келі, колумбиялық атлет 209 келі, ал Карина 207 келіні бағындырды.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар, деп хабарлайды dodasport.kz .

Соңғы жаңалықтар