Қарағандының әкімі қоғамдық көлікпен қатынап жүр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Облыс орталығының тұрғындары Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қоғамдық көлікпен қатынап жүргендігін бірнеше мәрте байқаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды тұрғыны Нәйля Әбішева автобуста жүрген облыс әкімін суретке түсіріп, оны «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне берді.

«Алғашқыда шатасқан болармын деп ойладым. Сол сәтте облыс әкімінің суретін интернеттен қарап, автобус салонының ортасында жүргіншілермен сығылысып тұрған Ерлан Қошанов екендігіне көз жеткіздім. Өзіне жұрттың назарын аудармайтын кейіпте, жолақы билетін төлегенін көрдім», - дейді Найля Әбішева

Бойжеткен әкімді осы автобуста үш күн өткеннен кейін тағы көрген.

«Үш күннен кейін Ерлан Қошановты тағы да көрдім. Бұл жолы амандасамын деп шештім. Ол маған жауап қайтарды. Бұл жолы да автобуста орын болмағандықтан, Қошанов тұрып тұрды», - деді бойжеткен.

Облыс әкімі бұрын да қоғамдық көлік қызметін пайдаланып көзге түскен еді. Екі ай бұрын ол кондукторлардың жұмыс сапасы мен автобус жүргізушілерінің маршрут кестесін сақтауын өзі ттексеріп, ереже бұзушылықты анықтады. Және де автопарк басшылығының персоналдармен жұмыс істеуін және оларға арнайы форма тігіп беруін талап еткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар