Қарағандылықтар интернет алаяқтарына шағымданды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды ішкі істер органдарында интернет-алаяқтық фактісі бойынша азаматтардан 17 өтініш тіркелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «OLX.kz», «Сландо.kz», «КОЛЕСА.kz» интернет сайттарында жарнама орналастыратын интернет алаяқтар пайда болды. Олар бірдеңені сату туралы жалған ақпарат көрсетеді. Қаскүнемдерге жарнама бойынша қоңырау шалған азаматтардан «KIWI» әмиянына тауар үшін ақша жіберуді сұрайды, бұл ретте олар ақша алу үшін бір реттік мекенжай мен карталық есепшот жібереді. Күдіктенбей, ақша аударған азаматтар тауарларын алмаған», деп хабарлады ІІд баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Тек Қарағанды ІІБ Оңтүстік-Шығыс  аудандық бөлімінде ғана интернет алаяқтарға байланысты 17 адамның өтініші тіркелген.

Соңғы жаңалықтар